$ 494.87  520.65  4.91

Ағайынды Нығматулиндерге қарсы іс қозғалғаны рас па? Бектенов жауап берді

Оларға қатысты ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған.

Антикор басшысы Олжас Бектенов желіде лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның ағасы Ерланға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды», - деген сұрақ сұхбат барысында Бектеновке қойылды.

Ол өндірісте қазір аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жоқ екенін жеткізді.

«Меніңше, атышулы істерді, танымал лауазымды адамдарды аңдудың қажеті жоқ, бұл дұрыс емес... Аталған тұлғалар бойынша бүгінгі күні өндірісте олардың күдікті екені туралы қылмыстық іс жоқ деп айта аламын», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.

Айта кетейік, осыған дейін ҚазТАГ Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Балқашта рейдерлік басып алу қылмыстық ісі бойынша тексеріліп жатқанын жариялаған болатын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары