$ 494.87  520.65  4.91

«Биліктің дегені болмайды»: Оппозиция атынан кандидат Әуесбаев өзіне қысым жасалғанын мәлімдеді

Аяқтан шалуды қою керек! Мені қолдау үшін жиналған қол санын қабылдаудан бас тартуда, біздің партияға қысым көрсетіп әлек.

ЖСДП партиясы атынан президенттіке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды. 

Әуесбаевтың айтуынша, аймақтарда партияны қолдаушылардың қолын есепке алмай жатыр. 

“Аяқтан шалуды қою керек! Мені қолдау үшін жиналған қол санын қабылдаудан бас тартуда, біздің партияға қысым көрсетіп әлек. Шымкенттегі сенімді өкілімнің дөңгелегін тесіп кеткендері қай сасқандары? Биліктің дегені болмайды, біз мұндай құйтырқы әрекеттерден қорықпаймыз. Біз кері қайтпаймыз, соңына дейін барамыз”, – деп жазды ол парақшасына. 

Сондай-ақ, Әуесбаев аймақтардағы қысымға қарамастан, жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты. Десе де, қол санының аз болуына байланысты кандидат ретінде тіркелмеу қаупі барын жасырған жоқ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары