Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс дайындалып жатқан болуы мүмкін. Бұған Қырғызстанда 23 қазанда ұсталған оппозициялық саясаткерлер мен азаматтық белсенділердің кейіннен билікті басып алумен жаппай тәртіпсіздіктер дайындағанын дәлелдейтін әңгіменің жазбасы дәлел бола алады, деп хабарлайды Kaktus.media.
Жазбалардың бірі – Жогорку Кенештің экс-депутаты Әсия Сасықбаева мен бұрынғы елші Әзімбек Бекназаровтың даусына ұқсайтын әйел мен еркектің әңгімесі.
Әсия Сасықбаеваның дауысына ұқсас әйел:
«Құрметті отандастар, біз барлық мүмкін құралдарды қолдандық, енді бір ғана сәт қалды – бұл толық ауқымды митинг. Осымен бітті. Біз болашақты ойлауымыз керек. Неліктен біздің үкімет үнемі жемқорлықпен айналысады? Біз ылғи жемқор билікті таңдаймыз ба?.. Сондықтан енді бір сәт – бұл кең ауқымды митинг, басқа амал көріп тұрған жоқпын, тіпті: қол-аяғымызды сындырамыз…».
Әзімбек Бекназаровтың даусына ұқсайтын ер дауыс оны «радикалды шаралар» дейді.
«Осындай қатаң шаралар қабылдауға күшің жетеді ме? Бұл сұрақ» дейді ол.
Ал азаматтық белсенді Тілекмат Күреңов 22 қазанда саяси қуғын-сүргінге байланысты Қырғызстаннан кетіп қалғанын және қайтадан түрмеге түсуден қорқатынын айтты.
Күреңов өзінің бейнеүндеуінде құқық қорғау органдары – Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті, оның пікірінше, заңсыз бұйрықтарды орындап жатқанын айтты.
«Кеше белсенділер мен саясаткерлерді тінту, қамауға алу болды, билік біздің әңгімемізді жазып алып, монтаж жасап, бізді үкіметті құлатқысы келетін, төңкеріс жасағысы келетін адамдар ретінде әшкереледі. Біз тек су қоймасын ауыстыруға қарсы болдық» деді белсенді.
23 қазанда Қырғызстанда 20-дан астам саясаткер, белсенді және блогер жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталды.
orda.kz