$ 494.87  520.65  4.91

«Тоқаев өзінің сайлау алды бағдарламасында Әділетті Қазақстан құрудың нақты жолдарын көрсетті» – сарапшы

Оны толықтай жүзеге асыруға президенттің мүмкіндігі бар және қоғам да оған дайын деп айтуға болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлау алды бағдарламасында Әділетті Қазақстан құрудың нақты жолдарын көрсетті. «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деген сайлау алды бағдарламасы үш негізден тұрады. Бірінші қағидаты – Әділетті мемлекет, екіншісі қағидаты – Әділетті экономика және үшінші қағидаты – Әділ қоғам.

Саясаттанушы Бауыржан Ысқақов айтуынша, Қазақстан нарықтық экономикалық бағытты алға қойған мемлекет болғандықтан, бірінші кезекте экономикалық реформалар әділетті жүзеге асырылуы керек. Оған әділетті мемлекеттің де, әділетті қоғамның да тигізер әсері көп.

- Президенттің 2019 жылғы берген уәделерінің ішіндегі орындалған шарттарының бірі экономикаға қатысты. Сол уақыттағы шағын және орта бизнес субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығы. Кезінде Республикалық бюджетке аударылып отырған болса, сол уақытта Мемлекет басшысы өңірлердің салықтық базасын қалыптастырып нығайту үшін, оны өңірлік жергілікті бюджеттерге аудару қажеттілігін айтты. Осы тиімді бағыттың нәтижесінде қазіргі уақытта барлық өңірлердегі әкімшіліктердің салықтық базасы, салықтан түсетін түсімдердің көлемі артып, әр өңір тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік алып жатыр. Бұл да Әділетті Қазақстанның нақты бір жолы деп айтуға болады, - деді Бауыржан Ысқақов.

Сарапшының айтуынша, Президенттің қоғамдағы көлеңкелі экономиканың жалпы ішкі өнімдегі үлесін азайтуға байланысты іс-шаралары – жаңа мүмкіндік алаңы.

- Әділетті экономиканы қалыптастыруымыз үшін бірінші кезекте әділетті саясатты ұсынуымыз керек. Мемлекеттің жасап жатқан барлық заңдық, ұлттық, соттық, құқықтық іс-шаралардың барлығы да мемлекеттің, қарапайым халықтың мүддесіне қарай қызмет жасайтын болса, онда экономика өзінен өзі дамуға мүмкіндік алады. Сол үшін де президенттің сайлау алды бағдарламасын қолдаймыз. Оны толықтай жүзеге асыруға президенттің мүмкіндігі бар және қоғам да оған дайын деп айтуға болады, - деді саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары