Сеулде болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сеулдегі қайғылы оқиға салдарынан 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Тағы 270 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды», – делінген хабарламада.
Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.