Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мобилографы Астанаға Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес төрағасы кездесуіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында видео жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен кездесуінде болған оқиғаны айтып берді. Видеода Қырғызстан президенті делегациясының мүшелері Ақорда ғимаратына кіріп үлгергені, ал Жапаров Тоқаевпен қол алысуға асығып бара жатқанда күртешесін шешуді ұмытып кеткенін байқауға болады. Көрші республика басшысы этикет ережелерін бұзбас үшін сырт киімін асығыс шешіп, артындағы адамға, яғни Тоқаевтың мобилографына тапсырады.