Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапатталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Саммитте сөйлеген сөзінде Тоқаев түркі елдерінің бірлігі жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын алға тартты. Соның арқасында түркі әлемінің халықаралық аренадағы саяси салмағы едәуір артқан.
«Түркия Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Режеп Тайип Ердоған бір жыл бойы Түркі мемлекеттері ұйымының төрағасы міндетін атқарды. Осы уақыт ішінде ұйымның мәртебесін көтеріп, ықпалын нығайтуға зор үлес қосты. Сол үшін бауырым – Режеп мырзаға алғыс айтамын.
Республика атанғанына келесі жылы бір ғасыр болатын бауырлас Түркия елі өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Осы орайда, мен құрметті Режеп бейді «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы бастама көтердім. Бұл ұсынысым бірауыздан қолдау тапты. Сол үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.