$ 495.2  522.34  4.94

«Қос азаматтылыққа» қатысты жаппай тексеру өткізу керек» - Депутат

Жоғары лауазым иелері-министрлер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын "қос азаматтылық фактілері" бойынша тексеруден өткізу қажет.

Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінің Венгрия азаматтығын алғанын растады. Осыған байланысты Ерлан Саиров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Депутаттың сөзінше, бұл мәселені жіті бақылауға алу керек. 

"К. Мәсімовтың "Венгрия азаматтығы болған" деседі. Бұл фактіні "Венгрия Премьер Министрі В.Орбант растаған" деген ақпарат бар.

Жоғары лауазым иелері-министрлер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын "қос азаматтылық фактілері" бойынша тексеруден өткізу қажет. Елімізде, жалпы "қос азаматтылыққа" қатысты жаппай тексеру өткізу өте маңызды. Бұл жөнінде ресми орындарға сауал жолдайтын боламын", деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары