Саясат 13.11.2022 сағат 21:26

Стамбулдағы жарылыс: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда.
Стамбулдағы жарылыс: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жарылысқа қатысты пікір білдірді. Төтенше оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатқанын хабарлады.

«Түркияның құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жексенбі, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болып, оның салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 4 адам қаза тапты, 38 адам жарақаттанды.

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы жарылыс құрбандары арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзыретті органдары мен қала мэриясымен байланыста», - делінген СІМ мәлімдемесінде. 
 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар