Атырау қалалық №2 сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменововаға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бақытгүл Хаменова "пара алғаны үшін кінәлі" деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ баласы болуына байланысты жазасын өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.
14 қарашада Бақытгүл Хаменова соңғы сөзінде өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді.
2021 жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны белгілі болды.
2021 жылы 12 желтоқсанда Хаменова үйқамаққа алынды. Сот оның «жалғыз әйел» екенін, екі бала тәрбиелеп отырғанын, біреуі бала кезінен мүгедек екенін, қарт анасының асырауында екенін, бұрын сотты болмағанын, құзырлы органдардан жасырмағанын ескерді.
2021 жылдың 23 желтоқсанында Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың наурыз айында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.