17.11.2022, 13:00

«Смайыловтың жалақысы қанша?» Министрлердің қанша айлық алатыны белгілі болды

500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді.

ҚР парламенті сенаты отырысында Қаржы министрі - Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.

"Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді", - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Премьер-министрден оның қанша жалақы алатыны да сұралды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов рұқсат берсе, келесі жолы соманы жариялайтынын айтты.

"Әлихан Асханұлы рұқсат етсе, айтамын... Дәл қазір нақты айта алмаймын", - деді Қаржы министрі.