04.08.2014, 08:20

Виктор Пшонканың Қазақстан азаматтығын алған-алмағандығы тексеріледі

Сурет: segodnya.ua

Украинаның бас прокуратурасы осы елдің бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонканың Қазақстан азаматтығын алған-алмағанын тексереді, деп хабарлайды «Азаттық».

Бұл туралы 2 тамыз күні Украинаның бас прокуроры Виталий Ярема Киевте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі ақпаратына қарағанда, Пшонканың өзінен бөлек, оның ұлы Артемнің және Украина кәсіпкерлері мен саясаткерлері — Сергей Арбузов, Александр Клименко, Сергей Курченконың Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны тексеріледі.

Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Пшонкаға «бюджет қаражатын жымқырды», «пара алды», «билігін асыра пайдаланды» деген айыптар тағылған.