$ 481.84  531.33  5.07

«Путин соғыс ашқалы қазақ тілін үйренем деушілердің саны артты» - қоғам белсендісі

Мобилизациядан соң қазақ тілін үйренуге ресейліктер де келді. Қазақ тілімізді үйреніп, қазақтың салт-дәстүрімен танысып жүр.

Бұл пікірді «Айттым Сәлем!» қазақша сөйлесу клубының негізін қалаушы Зарина Баймусина «Тіл кеспек жоқ» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Путин соғыс ашқан соң клубқа келетін адамдар саны артты. Мобилизациядан соң қазақ тілін үйренуге ресейліктер де келді. Қазақ тілімізді үйреніп, қазақтың салт-дәстүрімен танысып жүр. Өздерін мәдениетті ұстайды және бізге құрметпей қарайды», — дейді Зарина Баймусина.

Оның айтуынша, қазақ тілі қазақтарға нонсенс болмауы тиіс.

«Жақында Жапониядан құрбым келді. Ол қазақтарға қазақ тілін үйретіп жүргеніме таң қалды. Кейін Қазақстан постсоветтік елдер қатарында болғандықтан тіл мәселесі осындай жағдайда екенін түсіндірдім. Қазақ тілі бойынша сөйлесу клубтары уақыт келе жабылуы керек. Себебі ана тілді білу қазақтарға нонсенс болмауы тиіс. Өз елімізде жетім бала сияқты өмір сүру дұрыс емес. Болашақ керек болса тілімізді қолға алуымыз керек. Сондықтан халық қазақ тілінде ақпарат сұрап, талап етуі тиіс», — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары