$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сізді Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі. Алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіңізге тілектеспін", – делінген Тұңғыш Президенттің құттықтауында.

2022 жылы 20 қарашада Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы өтті. ҚР ОСК деректері бойынша сайлаушылар тізіміне 11 950 485 Қазақстан азаматы тіркелді.

Еxit poll нәтижелері бойынша Тоқаев сайлаушылардың 82 пайыздан астам дауысын жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары