$ 487.37  532.94  5.09

Мәжілістің қашан таратылатыны белгілі болды

Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысынан кейін Парламент сайлауының қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялады. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент қашан сайлауды жариялайтынын күту керек», - деді спикер.

Сондай-ақ, сайлаудан кейін Үкімет қалай жасақталатыны туралы пікір білдірді.

«Келесі жылдың бірінші жартысында қазіргі Мәжіліс таратылады, жаңа Мәжіліс сайланады. Содан кейін Үкімет ауысады. Ауысқанда, жаңа құрам жасақталады. Осы Үкімет қала ма, жаңа Үкімет бола ма, ол туралы Президент шешім қабылдайды», - деді Ерлан Қошанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары