$ 481.84  531.33  5.07

Тоқаев Екібастұздағы апатқа кінәлілерді тауып, жазалауға тапсырма берді

Аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.

Президент Екібастұздағы Жылу электр орталығындағы апатқа кінәлілерді жазалауға тапсырма берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, Президент Үкімет басшысына энергетикалық активтерді мемлекетке қайтаруды тапсырған. Өйткені, аталмыш сала апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.

«Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.

Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Тұрғындарға тиісті көмек беріледі. Мемлекет басшысының пікірінше, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне қиындық тудыруға және олардың құқын аяқасты етуге жол беруге болмайды.

Мемлекет басшысы Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Екібастұз Жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз отырғандарын жазған едік.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары