28.11.2022, 09:40

Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасын тағайындады

Наталья Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ Тоқаевтың жарлығымен Тілеген Каскин мен Ардақ Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін президент конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы ретінде "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойғаны хабарланды.