"Қыстың қамын жаз ойла", "Жазғы жуынды қыста - қатық", "Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без" дегенді әжеміз, ата-анамыз жиі айтатын...
Ал билік халықтың, мемлекеттің 50-100 жылдығын алдын-ала ойлауға міндетті.
30-40° аязда Екібастұз халқының жылусыз қалғанына қала, облыс әкімдері және Жылу жүйелері басшылығы жауапты. Соларды заң алдында жауапқа тартып, ішкен-жегенін құстырып, халықтың есебінен жиған дүние-мүлкін кәмпескелеп, итжеккенге айдау керек.
Басқа жақты білмеймін, Алматыда бұрын жаз айларында "отопление" үшін комуслуга алмайтын. Жазда жылу жүйелері қосылмайды, қисынға салсақ, көрсетілмеген қызмет үшін ақы алмау керек қой. Бірақ бұл ұятсыздар оншақты жыл болдыау, жылу маусымы сәуірде өшіріліп, қазанда қосылса да, арадағы 6 айға ақы алатын болды. Бұл дегеніңіз - халықтан "нахаляву" миллиардтаған қаржы жинайды деген сөз. Монополистер жылда тарифті қымбаттатады. Сөйте тұра, "отоплениенің" сиқы мынау...
Жалпы, клебанов сияқты халықты тонаған ұры иттер аз емес... Кез-келген стратегиялық нысан жекеменшік емес, мемлекеттік болу керек!!!
Журналист Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан