Ұлттық экономика министрлігі елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы бар екенін әрі оның 10-ы ғана мемлекет меншігіне тиесілі екенін хабарлады.
Ал бесеуіне квазимемлекеттік сектор иелік етіп отыр. Қалған 22 жылу электр орталығы жекенің қолында.
Мемлекеттік ЖЭО-лар Астана, Шахтинск, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Орал, Кентау, Қызылорда қалаларында, квазимемлекеттік сектор иелігіндегі ЖЭО-ның үшеуі Алматыда, ал екеуі Ақтауда орналасқан.
Қалған өңірлердегі орталықтар - жекеменшіктің қолында.
Жекеменшік жылу электр орталықтарының тізімі:
Балқаш ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС;
Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС;
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖЭО ЖШС;
«Өскемен ЖЭО» ЖШС;
Петропавл ЖЭО-2 «СевКазЭнерго» АҚ;
«Риддер ЖЭО» АҚ;
ЖЭО-ПВС АҚ «АрселорМиталл Теміртау»;
ЖЭО-2 «АрселорМиталл Теміртау» АҚ;
«Текелі энергетикалық кешені» ЖЭО ЖШС;
ЖЭО-1 ЖШС «Қарағанды Энергоцентр»;
ЖЭО-2 «Павлодарэнерго» АҚ;
«Согринская ЖЭО» ЖШС (Өскемен);
Рудненская ЖЭО «ССГПО» АҚ;
«Атырау ЖЭО» АҚ; ЖЭО-1 «Қазақстан алюминийі» АҚ ERG (Павлодар);
«Степногорск ЖЭО» ЖШС;
ЖЭО-3 «Павлодарэнерго» АҚ;
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖЭО ЖШС;
ЖЭО-3 «Қарағанды энергетикалық орталығы» АҚ;
ЖЭО-3 «3-Энергоорталық» АҚ ERG (Шымкент);
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ; «ГРЭС-1» ЖШС Bassel Group LLS (Теміртау).
Айта кетерлігі, еліміздегі жыл электр орталықтарының орташа жұмыс істеген жылы - 61.
ЖЭО-лардың 76 пайызға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмет көрсетіп келеді. ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының орташа тозуы – 66 пайыз.
37 жылу электр орталығының жалпы электр қуаты - 6 517 МВт, ал жылу қуаты - 20 135 Гкал/сағат. Аталған орталықтарда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді.
Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайдан кейін ел Үкіметі бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қолға алып жатыр.