$ 443.35  475.54  4.82

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман күтіледі, қалың қар жауып, бұрқасын болады.

"Қазгидромет" мекемесі ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, орталығы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын соғады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Астана қаласында жаяу соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын болады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталағында жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары