Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Бүгін Қазақстан Президенті осындай жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Осыған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.