Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Құмар Ырғыбайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Құмар Ақсақалов 2017 жылдан 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Солтүстік Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Айдарбек Сапаров атқарады.
Ал Қостанай облысын бұған дейін Архимед Мұхамбетов басқарды. Ол бұл қызметке 2015 жылы кіріскен.