$ 486.44  534.31  5.06

Алтынбек Сәрсенбайұлының Назарбаев туралы жазбасы жарияланды

Назарбаевтың үлкен мәселесі – үлкен саяси науқан алдында айналасындағы саяси балансты жоғалтып алуы...
коллаж: sn.kz
коллаж: sn.kz

Bugin.kz порталы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист Алтынбек Сәрсенбайұлының (1962-2006 ж.ж.)  Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев және билік жайлы ой-пікірін Ғабит Мүсірептің "Қайраткерлік қағидасы" кітабынан ықшамдап ұсынады.

Бастаған істі аяқтау, Қазақстанды өркениетті елдердің қатарына қосу – Н.Назарбаевтың тарихи миссиясы жәрне тарихи жауапкершілігі.

***

Менің ойымша, біздің президентке ешқандай да мұрагер іздеп қажеті жоқ. Оған барлық конституциялық жаңартуларды аяқтау, өзінің жаңа лидерін өзі таңдап алатын дұрыс қоғам қалыптастыру қажет. Тек осындай «қоғамдық өнім» ғана тұрақтылықтың кепілі бола алады. Қазақстан жағдайында «мұрагерлерден» ешқандай пайда да, кепілдік те жоқ.

***

Президенттің айналасындағылар, бәлкім Президенттің өзі де, алдағы уақытта авторитаризмді күшейту арқылы, яғни азаматтардың еркі мен құқына қысым жасау арқылы билікті ұстап тұра аламыз деп есептейтін болуы керек. Бірақ бұл – өте сорақы және кешірілмес қателік!

***

Президенттің үлкен мәселесі – үлкен саяси науқан алдында айналасындағы саяси балансты жоғалтып алуы. Егер өз маңына әртүрлі бағыттағы, әр қилы пікірдегі адамдарды топтастырғанда, біржақты саясат жүргізілмейтін еді. Сондықтан бұл – Президенттің кадр саясатындағы үлкен қателігі.

***

Президентті парламентте сайлау оның толық саяси қауқарсыздығын айғақтайды және режимнің саяси тұрғыдан алғанда, тоқырауға ұшырағанын білдіреді.

***

Не біздің қазақ мемлекеттілігі Үштағанның (Президенттің отбасы, айналасы, олигархтар) құрбаны болады немесе халық бостандығын алып, болашағына жол ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары