$ 494.87  520.65  4.91

Қошанов Ресей елшісінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Саясаткерлердің сөзі екі елдің байланысына зиян келтірмеуі керек.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы. 

Ерлан Қошанов Ресейдің Қазақстандағы елшісінің резонанс тудырған сұхбатына қатысты пікірін білдірді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, дипломаттың кейбір сөзі оның статусына сай келмейді.

"Бородавкин мырзаның сұхбатын қарап шықтым. Кейбір сөздері оның статусына сай келмейді. Бородавкин мырзаны тәжірибелі дипломат ретінде танимыз. Ол насихаттаушылар мен саясаттанушыларға ұқсамауы керек. Бұл біріншіден. Екіншіден, ксенофобия Ресейде де, өзге елдерде де бар. Сондықтан біз елдерімізге пайдалы іспен айналысуымыз керек. Саясаткерлердің сөзі екі елдің байланысына зиян келтірмеуі керек", - дейді Қошанов.

Еске салайық, жақында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен руссофобия туралы мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары