$ 443.35  475.54  4.82

Халықты малға теңеген әкім тұрғындардан кешірім сұрады

Әкім Бейбіт Аманғалиев «халық қазір мал болып кеткен» деп шағым айтып келген тұрғындардың ашуын туғызған еді.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев «халық қазір мал болып кеткен» деген сөзі үшін кешірім сұрады.

Бейнежазбада ауыл әкімі алдымен осы жылдың басында Павлов, Горбунов ауылдарына газ кіргізілгенін атап өтті.

«Желтоқсан айының 7-сі күні таңертең 9.40-та Павлов, Горбунов ауылдарында техникалық ақаумен жарық сөнді. Кешкі 18.40-та жарықты жағып қуанып жатқанымызда газ өшті. Осы ауылдарға қызмет етіп жүрген «Алия Сервис» ЖШС тарапынан қателік болып, газды уақытында қоса алмадық. Газ 8 желтоқсан күні 23.30-да қосылды. Қазіргі таңда бәрі жақсы», - деді Бейбіт Аманғалиев.

Видео соңында әкім әріптестерінен, ауыл тұрғындарынан және журналистерден кешірім сұрады.

«Енді олай деп (халық мал болып кеткен – ред.) айтқым келген жоқ. Тоңып, шаршап жүрген кезімде артық сөз айтып қойсам, кешірім сұраймын», - деп сөзін аяқтады әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев «халық қазір мал болып кеткен» деп шағым айтып келген тұрғындардың ашуын туғызған еді.

Azattyq Rýhy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары