Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласының тұрғындарына техногендік апат кезінде төзімділік көрсеткені үшін алғыс білдірді.
«Екібастұзда болған оқиға шынымен апат. Мен бұл қаланың тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкерлішілк танытқаны үшін алғыс білдіргім келеді», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, ол еріктілердің еңбегін атап өтті.
«Волонтерлерге жұмысы үшін алғыс айтамын. Бұл оқиға мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субьектілерінің жылыту маусымына жауапсыздығын ашық көрсетіп берді. Бізде қордаланған мәселелер жайлы тіс жармау «тәжірибесі» бар. Ақыры ол үлкен салдарға апарып соқты. Оның салдарын жою үшін үлкен ресурс кетті. Меніңше, не үшін осының бәрін болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіп, тиісті шара қабылдау қажет», - деді президент.», - деді Президент.