Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет меншігіндегі энергия нысандары бюджет қаражаты есебінен жөнделуі тиіс екенін айтты.
«Мемлекет меншігіндегі энергия нысандары бюджет қаражаты есебінен жөнделуі тиіс. Ал жеке нысандар «инвестицияны тарифке алмастыру» бағдарламасы аясында меншікті қаражат есебінен жаңғыртылуы тиіс. Үкімет бұл міндетті шешуге жедел түрде кірісуі қажет. Жылу-электр орталығы мен желілердің меншік иесіне жеке тоқталығым келеді. Тозу көрсеткіші 90 пайыздан асатын Екібастұз жылу-электр орталығын 1 теңге сату ұсынысы сараптаманы қажет етеді. Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн.
Үкіметке кейінгі жылдары иесі ешқандай әрекет жасамаған, жағдайы шетін әрбір нысанның жағдайын кешенді қарап, әрқайсысы бойынша жеке шешім қабылдау керек. Дәл осындай жұмысты жергілікті деңгейде өңір әкімдері атқарсын», - деді Президент.