12.12.2022, 16:40

Даниал Ахметов өзінің шығыс өңірде не себепті ұзақ отырып қалғанын түсіндірді

Оны Мемлекет басшысынан сұраңыздар!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов неліктен өз лауазымында 8 жылдан бері отырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдері Даниал Ахметовке «Аймақ басшысы болып жұмыс істеуден шаршаған жоқсыз ба?» деген сауал қойған еді.

«Неге шаршауым керек? Өзіңіз өмірден шаршадыңыз ба? Жоқ. Мен де шаршағаным жоқ», - деп жауап берді Даниал Ахметов.

Тілшілер аймақ басшысынан саяси сахнада ұзақ жүруінің сырын түсіндіре кетуді өтінді.

«Оны Мемлекет басшысынан сұраңыздар», - деп шорт кесті Д. Ахметов.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып сегіз жылдан, яғни 2014 жылдың қарашасынан бері жұмыс істеп келе жатқан Даниал Ахметов келер жылы 69 жасқа толады. 7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовті ШҚО әкімі қызметіне қайта тағайындаған болатын.