$ 487.37  532.94  5.09

Әкімдердің орынбасарларын көбейту ұсынылды

Жергілікті әкімдіктерге орталықтан берілетін шығын өкілеттіктерінен бөлек қосымша кіріс көздері берілетін болады.

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов әкімдер орынбасарларының санын көбейтуді ұсынды, деп Ulysmedia.kz.

"Мемлекет басшысының әкімдіктердің функционалдығын қамтамасыз ету және халық үшін неғұрлым маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында өңірлер әкімдері орынбасарларының санын тағы бір адамға көбейту ұсынылады. Бұл ретте бастама жергілікті атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру үшін белгіленген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылатын болады", - деді Жақсылықов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол орталық және жергілікті органдардың дербестігін арттыруға баса назар аудара отырып, бюджеттеу тәсілдері қайта қаралатынын атап өтті.

"Жергілікті әкімдіктерге орталықтан берілетін шығын өкілеттіктерінен бөлек қосымша кіріс көздері берілетін болады. Бұл өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуін және дербестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары