15.12.2022, 13:00

Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатыны белгілі болды

Фото: tengrinews.kz
Жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Сенат депутаты Дана Нұржігітова 19 желтоқсанға жоспарланған Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай тақырып талқыланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл отырыста Парламент жұмысының регламентін талқылау және қабылдау мәселесі қаралады. Атап айтқанда, Парламент қызметіне қатысты бірнеше заңға өзгеріс енгізілген болатын. Осы орайда Парламенттің жұмыс регламенті өзгеруі керек. Сондықтан 19 желтоқсандағы бірлескен отырыста аталған регламент талқыланып, қабылданады», - деді сенатор Дана Нұржігіт тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын»,- деп жазылған өкім мәтінінде.