$ 494.87  520.65  4.91

Украина билігі өздерін қамаудағы Михаил Саакашвилиге кіргізуді талап етті

Ол Тбилисидегі ауруханада емделіп жатыр, алайда заңгерлері оның жазасын өтеуді кейінге шегеріп, шетелге емдеуде жіберу үшін рұқсат алуға күш салып жатыр.

Украина Грузиядан өздерін қамаудағы бұрынғы президент Михаил Саакавшилиге кіргізуді талап етті. Украина азаматтығы бар Саакашвилидің денсаулығы кейінгі кезде нашарлап кеткені туралы ақпарат тараған, деп жазады Азаттық.

Украина омбудсмені Дмитро Лубинец 15 желтоқсанда Телеграм-парақшасында Саакашвилидің медициналық көмекке зәру болып отырғанын және оны Батыс Еуропа мен АҚШ-қа емдеуге жіберу қажеттігін айтты. Лубинецтің айтуынша, Украина шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

2004-2013 жылдары аралығында Грузияны басқарған Саакашвили "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталып, алты жыл түрмеге кесілген. Өзі мен жақтастары істің саясиланғанын айтады.

Дәрігерлер 2021 жылдың қазанында түрмеге қамалып, бірнеше рет аштық жариялағаннан кейін Саакашвилидің денсаулығы нашарлап кеткен дейді. Ол Тбилисидегі ауруханада емделіп жатыр, алайда заңгерлері оның жазасын өтеуді кейінге шегеріп, шетелге емдеуде жіберу үшін рұқсат алуға күш салып жатыр.

16 желтоқсанда жемқорлықпен күресіп жүрген ондаған белсенді Тбилисиде парламент алдында наразылық өткізіп, Саакашвилиді шетелдің ауруханасына ауыстыруды талап етті.

14 желтоқсанда Грузияның қылмыстық атқару қызметі Саакашвили емделіп жатқан ауруханадан видео жариялап, экс-президенттің "денсаулығына қауіп жоғын" мәлімдеген. Алайда жақтастары оның қатты салмақ жоғалтқанын алға тартып, емдеуге зәру екенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары