$ 482.86  533.17  5.08

Адвокаттар алқасы Михаил Козачковтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Козачков "Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен" деген күдікке ілінген.

Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы журналист Козачковтың ұсталуына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хабарламасының шығуына байланысты мән-жайлардан хабардар, деп жазады inbusiness.kz Республикалық адвокаттар алқасының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бұл іске адвокаттардың қатысы жоқ деп мәлімдейміз. Адвокатураның егжей-тегжейлі ұстанымы іске қатысушы адвокаттармен кеңескеннен кейін белгілі болады. Республикалық адвокаттар алқасының Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиясы адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуы туралы қорытынды әзірлеуде. Сонымен қатар Комиссия адвокат А.Б.Веретельникованы оның клиентінің үй-жайында тінту жүргізуге қатыстырмау туралы өтініші бойынша жұмысты бастады", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, бұдан бөлек адвокат И.В. Панның қорғалушыға кіргізбеу туралы өтініші де қаралып жатқан көрінеді.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін Қылмыстық-процестік кодекс пен ҚР Конституциясының талаптарына қатаң сәйкестікте әрекет етуге шақырамыз. Адвокаттардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Республикалық адвокаттар алқасы кінәлі тұлғаларды заң шеңберінде жауапқа тарту шараларын қабылдайды", - деп атап өтті адвокаттар алқасы.

Еске салайық, осыған дейін журналист Михаил Козачковтың ұсталғанын жазған болатынбыз. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ол "Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен" деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары