$ 490.84  536.88  5.04

«Адамның басын айналдырмаңдар»: Депутат министрге ұрсып тастады (ВИДЕО)

Не жауап мынау? Басын бастайсыз – аяғы жоқ.
Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Еділ Жаңбыршин үкіметтік сағатта Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Еділ Жаңбыршинге ұрсып тастады. Байланыс турасында бірнеше сұраққа жауап берген министрдің жауабы депутатқа ұнамай қалса керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құрметті Бағдат Батырбекұлы, сіз асықпай-аптықпай қысқа және нұсқа жауап беріңіз. Біздің уақытымызды алмаңыз. Бұл жерде ешкім ойнап отырған жоқ. Сондықтан, сіздерге нақты сұрақ берсе, нақты жауап беріңіздер. Не жауап мынау? Басын бастайсыз – аяғы жоқ. Адам басын забалдить етесіздер. Келдіңіздер ме парламентке – дұрыстап жауап беріңіздер. Адамның басын айналдырмаңдар», - деді депутат.

Осыдан кейін Еділ Жаңбыршин сұрағына көшті. Министрден туристік инфрақұрылымдардағы байланыс мәселесін көтерді.

«Біздің елге туристер көп келеді. Визит-орталықтар көптеп салынып жатыр. Әртүрлі қорықтар мен ұлттық парктер бар. Сол жердегі мәселе ушығып тұр. Адамның қауіпсіздігі бағытында мәселе бар. Адам ауырып, көлік бұзылып қалуы мүмкін. Ол жерде байланыс жоқ. Осы мәселені қалай шешесіздер? Қандай технологиялар қолданылады? Ұлттық жобада осы мәселе қамтылған ба?» - деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Бағдат Мусин үшінші сұраққа жауап беруден бастады.

«Туристік нысандар 2027 жылға дейін толығымен интернетпен қамтылады. Ұлттық жоба талқыланып, бекітілсе, қаражат бөлінсе, туристік нысандардың бәрі де интернетпен қамтамасыз етіледі. Технологиялар бойынша әрбір жерде әртүрлісі қолданылады. Көбінесе 4G технологиясы. Оған дейін оптика желісі бара алмаса, спутниктік технологиялар арқылы қосатын боламыз», - деді Бағдат Мусин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары