Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды.
Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.