Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі "Төле би кесенесі" сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген.
Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.