Арқалық-Торғай тасжолында бес көлік соқтығысты. Бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, тағы тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 3 қаңтарда сағат 14.03-те болған. Toyota жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан бес көлік соқтығысқан.
"Toyota көлігі алдымен Nissan автокөлігімен одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Жол апатынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта соталды тергеу басталып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.