Астанада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы адвокат Нұрлан Бейсекеевтің мәлім етті.
"Кеше Елжан Амантайұлында тергеу изоляторының қабырғасында жүргенде пайда болған ауруы асқына түсті. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Оған бірнеше мәрте шұғыл ота жасау ұсынылған болатын, оның бұл мәселені кейінге қалдырғаны белгілі. (...) Біртанов еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жіберген болатын. Мен оны сізге (судьяға – ред.) көрсете аламын. Анықтамада осы жылдың 6 қаңтарын қоса алғандағы кезең деп көрсетілген", - деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.
Қалалық соттың хабарлауынша, сот процесі 6 қаңтар күні сағат 15.00-де жалғасады.