12.01.2023, 03:31

Ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Бірлескен отырыс 13 қаңтарда сағат 10.00-де басталады.

Мәжіліс Төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.