12.01.2023, 10:40

Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды

фото: ашық дереккөзден
Палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Осы орайда Парламент Сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева Конституциялық Соттың судьялары қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Тегтер: Жоғарғы сот