18.01.2023, 17:20

Тағы бір партия ресми тіркелгенін мәлімдеді

фото: ашық дереккөзден
Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз!

Respublica партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл жөнінде жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Хожаназаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айдарбек Хожаназаров сонымен қоса партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңісімен құттықтаған.

Тегтер: партия