$ 498.34  519.72  4.85

«2023 жыл саяси оқиғаларға толы болады» - сарапшы

Биылғы жылдың тағы бір саяси жаңалығы 170 аудан мен 38 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау болмақ.

Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

2023 жылдың негізгі саяси науқаны - Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау. Осы кезде, парламенттік сайлау жаңа тәртіппен өтеді. Былтыр енгізілген нормаға сай, депутаттар аралас сайлау жүйесімен сайланады. Енді депутаттық қызметке кандидат ретінде сайлауға саяси партиялардан тыс азаматтар үміткер бола алады. Мәжілістің жаңа құрамында мажоритарлық депутаттар толық құраманың 30 пайызын, облыстық мәслихаттарда 50 пайызын, ал қалған мәслихаттарда толықтай 100 пайыз. Бұл депутаттар бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады, - деді Ермек Тоқтаров.

Айтуынша, Жаңа "Байтақ" және "Respublica" партиялары сайлаушылардың белгілі бір бөлігін өз жағына тарта алады.

Биылғы жылдың тағы бір саяси жаңалығы 170 аудан мен 38 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау болмақ. Сонымен қатар, бұл тікелей сайлау болады, яғни азаматтар өз елді мекенін кім басқаратынына дауыс береді. 2023 жыл саяси оқиғаларға толы болады. Бұның бәрі - елдің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі дәйекті саясат, - деді ол. 
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары