Саяси науқанға қатысты Қазақстан халық партиясы да үндеу жасап, саяси ұйымның Мәжіліс сайлауына дайын екендерін айтты. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, «алдағы сайлау бұрынғы демократиялық реформалардың жалғасы және елдің сапалы дамуындағы жаңа кезең» екенін көрсетіп отыр. Яғни Президент мемлекет пен қоғамды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып отыр.
«Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалар мемлекеттік жүйені жетілдіруге және әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл Қазақстан халық партиясының идеологиясымен әйкес келеді. Сондықтан, өткен жылы біздің партия Мемлекет басшысын қолдап, кезектен тыс президенттік сайлауда оның кандидатурасын ұсынды. Сол сияқты бірыңғай коалиция құрамындағы үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысты. «Қазақстан халық партиясы» халық Президентін қолдайды, - деді партия төрағасы.
Сонымен қатар, мәлімдемеде халық партиясының алдағы сайлау науқанына белсене қатысуға ниетті екені айтылған.
«Олигархиялық капитализм дәуірі аяқталуға жақын. Біз әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекет құратын боламыз. Біз оған дайынбыз», - дейді Е. Ертісбаев.