$ 443.85  474.3  4.8

«Облыс пен қала әкімдігі Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруі тиіс» - Тоқаев

Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім.

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Президент Қостанай облысы мен қала әкімдігі Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруі тиістігін айтты.

«Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары