23.01.2023, 12:40

Сот әкімшілігінің басшысы тағайындалды

фото: ашық дереккөзден
Бұған дейін ол Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппараты) басшысы қызметін атқарған.

Наиль Ахметзакиров ҚР Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Наиль Ахметзакиров 1983 жылы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Зырян (қазіргі Алтай) қаласында дүниеге келген.

Бұған дейін ол Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппараты) басшысы қызметін атқарған.