24.01.2023, 17:20

Тоқаев Сенаттың жаңа депутаттарын тағайындады

фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Жақып Қажманұлы Асанов;

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев;

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп;

Ләззат Молдабекқызы Қалтаева;

Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 24 қаңтар, № 112», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан төмендегі депутаттар:

Евгений Андреевич Больгерт;

Закиржан Пирмухамедович Кузиев;

Нурия Исмагиловна Ниязова;

Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;

Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалды. 

Тегтер: сенат Тоқаев