$ 443.44  480.51  4.88

Елена Рыбакина Australian Open жарысының финалына шықты

Осылайша "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті.
Фото: © Lusa
Фото: © Lusa

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсті, деп хабарлайды Massaget.kz.

1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті. Осылайша "Үлкен дулыға" санатындағы жарыста топ жаруға бір табан жақындай түсті. 

Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші.  Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары