$ 494.87  520.65  4.91

«Астана резеңке емес»: Белгілі ақын бас қалаға келушілердің санын шектеу туралы ұсыныс тастады

Құдай-ау жылына 40 мың  оқушы келеді екен. Астана созыла беретін резеңке емес қой енді.
фото: caravan.kz
фото: caravan.kz

Ақын Несіпбек Айтұлы Астанаға жыл сайын ағылып келетін оқушыларды айтып, болашақта келушілерді шектеу керектігін айтты. Ол бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Байқоңыр ауданы халқымен кездесуі барысында айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Мына кейінгі 30 жылда қоғам алмасқаннан кейін жұрттың бәрі қалаға ағылып жатыр. Ауыл қалып жатыр. Өткенде әкімнің есеп беруінде естідім Құдай-ау жылына 40 мың  оқушы келеді екен. Астана созыла беретін резеңке емес қой енді. Сондықтан, болашақта астанаға келушілерді шектеу керек. Басқа қалаларды дамыту, басқа өңірлерді дамыту керек. Астананы бұлай соза беретін болса су мәселесі де басқа мәселелер де шығады келешекте", - дейді ақын.

Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы бір сұхбатында Иманғали Тасмағамбетовтың өз ақшасына 4 бөлмелі үй алып бергендігі туралы айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары