$ 481.84  531.33  5.07

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берілді

Алмазбек Атамбаев Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін 11,2 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа емделу үшін елден шығуға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жоғарғы соттың сот алқасы А. Атамбаевқа қатысты қылмыстық істің жаңадан ашылған мән-жайы бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы адвокаттардың өтінішін қанағаттандырды.

Осылайша, қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы қылмыстық іс Бішкектің Первомай аудандық сотында қайта қаралады.

Первомай сотында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін 11,2 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары