14.02.2023, 17:40

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Фото: EPA/Claudio Peri
14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де тіркелді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.8.

MPV магнитудасы – 4.2.

Тереңдігі – 25 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.