$ 449.58  486.94  4.86

Сайлау науқаны туралы жаңалықтар агрегаторы өз жұмысын бастады

Сайт үш тілде қолжетімді және барлық маңызды ақпараттық материалдар мен медианы бір жерде тоғыстырады.
Фото: sailaunews.kz
Фото: sailaunews.kz

Сайлау науқаны туралы барлық ақпараттарды бір жерде топтастыратын SailauNewskz жаңалықтар агрегаторы өз жұмысын бастап кетті.

«NIKA group» кеңейтілген зерттеулер орталығы – консалтингтік қызметтер нарығында жұмыс істейтін аналитикалық-зерттеу компаниясы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың алдағы сайлауға арналған «Sailau news.kz» жаңалықтар агрегаторын ұсынады.  

«Sailau news.kz» сайты мен телеграм-каналы 2023 жылғы сайлау науқаны туралы барлық соңғы оқиғалардан хабардар болудың ыңғайлы құралы, қазақстандық онлайн БАҚ-тағы ең өзекті және маңызды жаңалықтарды, оқиғаларды, сараптамалық пікірлерді бір жерде біріктіретін алаң.   

Алдағы сайлауға қатысты күннің басты жаңалықтары оқырмандар арасында өзектілігі мен танымалдылығы негізінде қалыптасады.   

Сайт үш тілде қолжетімді және барлық маңызды ақпараттық материалдар мен медианы бір жерде тоғыстырады.   

NIKAgroup Астана, 2023 жылғы 23 ақпан.   
Ақпарат көзі: «Sailau news.kz» жаңалықтар агрегаторының редакциясы,  
байланыс телефоны: + 7 (777) 214 0171. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары